Әйтей округінде спорт кешені мен мектеп салынады

0
214

Биылғы жыл әйтейліктерді көп функционалды спорт кешенінің құрылысы басталуымен қуантады. Тағы бір ауыз толтырып айтатын жағымды жаңалықтардың бірі – Үштерек ауылында салынып жатқан жаңа мектептің құрылысы, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Былтыр «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-мен келісімшарт жасалып, Әйтей ауылындағы бұл спорт мекемесінің құрылысын 2021 жылы бастау жоспарланып отыр. Иә, ағымдағы жылға қойылған жоспарлардың легі мұнымен аяқталмайды. Округтегі білім мекемелерінің саны тағы бір жаңа ғимаратпен толықпақ. Анығын айтқанда, Үштерек ауылында биыл 600 орындық жаңа орта мектеп бой көтеретін болады. Екі гектар аумаққа салынып жатқан оқу ордасы толық үш қабатты болмақ. Мердігер мекеме «Ақорда» ЖШС-і жүргізіп жатқан мектептің құрылыс жұмыстарын 2022 жылы аяқтауды жоспарлауда.

Ал, «Алматы – Бішкек» күре жолына жақын орналасқан Әйтей ауылына қарасты «Өмірұзақ» тұрғын үй кешенінде 30 га. жер теліміне 2 қабатты 520 пәтерлі «таунхаус» үйлер салынуда. Аталған жобаның 100 «таунхаус» үйінің құрылыстары жүргізіліп, 50 үйдің құрылысы өткен жылы желтоқсан айында аяқталған. Қалған 50 үйдің тұрғызу жұмыстары 2021 жылдың сәуір айында бітеді деп күтілуде.

Мұнан бөлек осы жылы инфрақұрылымды дамыту да назардан тыс қалған жоқ. Әйтей ауылындағы электр желілерін қайта жаңғырту жұмыстары биыл да жалғасын табатын болады. Сауыншы ауылының тұрғындарын көгілдір отынмен қамту жұмыстары биыл жолға қойылды. «Тәуекел-Газ құбыры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі айналысатын газ тарту жұмыстарының қазіргі таңда жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Жоспарға сәйкес, құрылысы сәуір айында басталады.

Сонымен бірге, Құмарал ауылынан Еңбекшіге апаратын облыстық маңызы бар жолға жаяу жүргіншілерге арналған жол жиегі салынады. Бұл күре жол облыстық автомобиль жолдары басқармасына қарайтындықтан, қаражат сол жақтан бөлінді. Аталған жоба бойынша құрылыс жұмыстарын 2021 жылдың екінші жартыжылдығында аяқтау жоспарланған. Көше демекші, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында Әйтей ауылында Байқоңыр көшесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Саламатты өмір салтын насихаттау аясында да жақсы бастама қолға алынбақ. Қолжетімді спортқа мүмкіндіктер беретін «Street Workout» алаңы Әйтей ауылында салынатын болады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь