«Jas Otan» Жастар қанатының төрағасы Қарасай ауданында

0
123

Бүгін «Nur Otan» партиясының жанындағы  «Jas Otan» Жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев  жұмыс сапарымен Қарасай ауданына келді, деп хабарлайды karasayinfo.kz  желілік басылымының тілшісі.

Нұржан Арғынұлы  Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың  туып-өскен жерді көру арманының бірі болғанын атап айтты. Сол себепті де жаңа қызметке кіріскен соң, осы аймаққа арнайы келуді жоспарлаған екен. Елордалық қонақты «Jas Otan» Жастар қанатының облыстық филиал төрағасы Еркебұлан Ақболатов,  аудандық  «Nur Otan» партиясының филиалының бірінші орынбасары Қаныбек Айтжанов, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Сағат Мәсімақынов, аудандық  «Jas Otan» Жастар қанатының жетекшісі Айжан Балажанова күтіп алып, ауданымыздың  көрнекті жерлерімен таныстырды. Алдыңғы кезекте Нұржан Арғынұлы  кездесулер ретін Елбасының сыныптастары Едіге Жүнісбеков, Күләш Әмірованың үйлеріне барып, сәлем берумен бастады. Жүздесу барысында олар жастық шаққа ойша саяхат жасап,  өздерінің мектеп кезіндегі естеліктерімен бөлісті. Мұнан соң құрметті қонақтың жұмыс сапары  Шамалған ауылындағы «Үшқоңыр» денешынықтыру-сауықтыру кешенінде жалғасты. Ол балалардың спортпен айналасуына барлық мүмкіндік қарастырылған бұл базаның ішкі және сыртқы жабдықталуымен танысты.  Одан кейін спорт кешеніне қатарлас жатқан «Атамекен» тарихи-мәдени орталығына жол тартып, Елбасының  тағылымды өмір жолын өскелең ұрпаққа паш ететін мұражайды аралады.

Дәл осы тарихи орталықтың мәжіліс залында   Алматы облысының және Қарасай, Жамбыл, Іле аудандарының мәслихаттың жас депуттарымен арнайы кездесу ұйымдастырылды. Мұнда аталмыш Айжан құрметті қонақты аудандағы алғыр жастардың істеп жатқан жұмыстарымен таныстырып, алға қойған жоспарларымен бөлісті. Сонымен қатар, басқосуға қатысушылар  жастар саясатының дамуы мен « »  партиясының  сайлауалды және 2025 жылға дейінгі «Жастар-Отанға!» бағдарламасының жүзеге асуын талқылды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь