Іздестіру жұмыстары барысында

0
215

Жақында, аудандық Полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімі іздестіру тобының жедел уәкілдері мен пробация қызметі испекторлары  «Участок» атты жедел-профилактикалық іс-шара өткізді, деп хабарлайды karasayinfo.kz  желілік басылымы.

Аталған іздестіру жұмыстары қыркүйектің жетісі мен желтоқсанның үшіне дейін жалғасқан болатын.  Нәтижесінде іздеуде жүрген сотталған «Ж» құрықталды. Аудандық пробация қызметінің есебінде сотталған «Ж» 2017 жылдың 20 қараша айынан бастап есепте тұрғанын айта кеткен жөн.

Бірақ, сотталған «Ж» пробация қызметінің бақылауынан жалтарғаны үшін оған 2018 жылы аудандық сотының қаулысымен іздеу жарияланып, «күзетпен ұстау» шарасы тағайындалды. Қазіргі таңда айыпты «Ж»-ға қатысты іздестіру іс-шаралары тоқтатылып, сотталғанның бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы ұсыныс сотқа жолдануда.

Жоғарыда аталғанның негізінде қоғамнан оқшаулаубаған жазаларға сотталған азаматтар сот жүктеген міндеттерін және пробация қызметінің заңға сәйкес талаптарын уақытылы орындаса, сотталған «Ж» сияқты оқиға орын алмас еді.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь