Үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда

0
227

«Nur Otan» партиясы аудандық филиалының бекіткен кестесіне сәйкес, Мәжіліс пен мәслихат депутаттығына үміткерлердің тұрғындармен кездесулері өтуде. Сондай кездесулердің бірі бүгін «Қарлығаш» тұрғын үй кешенінде болды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Оның барысында кандидаттар алда келе жатқан сайлаудың маңыздылығын түсіндіре отырып, өздерінің сайлауалды бағдарламаларының төңірегінде атқарылатын жұмыстары мен алдағы жоспарлары жайлы атап айтты.

Нақтырақ айтқанда, жиын барысында Парламент Мәжілісіне үміткер, I.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті ғылыми зерттеулер нәтижелерін коммерциализациялау басқармасының директоры Дамир Дигай бүгінде мемлекет тарапынан жастарға жасалып жатқан мүмкіндіктер туралы баяндап, өзінің бағдарламасына сай жастарды ілгерлету үшін қандай жұмыстарды іске асыратыны жайлы кеңінен айтып өтті. Сонымен қатар, өздерінің бағдарламаларын таныстырған «Ұлттық Республикалық Киокушинкай-кан каратэ федерациясы» ҚБ Алматы облыстық филиалының басшысы Бекжан Сүнбеков, «Даулет-Серпін 603» ЖШС басшысы Жалғасхан Донбаев, «Таусамалы қызмет» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынының басшысы Бауыржан Айнабеков және тағы да басқа үміткерлер қазіргі таңда адамдарды алаңдатып жүрген су, жол, құрылыс, спорт, білім сияқты маңызды мәселелерді көтеріп, өздерінің құрған бағдарламалары арқылы бұл проблемаларды қалай шешетіндігін кеңінен айтып өтті.

Сонымен кандидаттар өздерінің және де партияның міндет-мақсаттарын жиналғандарға жан-жақты таныстырып өткеннен кейін аталмыш тұрғын үй кешенін аралап, тұрғындарды сайлау науқанына белсене атсалысуға шақырды.

«Nur Otan» партиясының сайлау қоры қаражаты есебінен төленді. Тапсырыс беруші: Айтжанов Қ.Қ.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь