Фракциясы отырысында маңызды мәселелер талқыланды

0
87

Бүгін аудандық мәслихат жанындағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының отырысы өтіп, күн тәртібінде бірқатар маңызды мәселелер талқыланды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Санитарлық талапқа сай аудан әкімдігінде өткізілген бұл жиынға «Nur Otan» партиясы Қарасай аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Жандарбек Далабаев жетекшілік етті. Маңызды отырысқа аудандық партия филиалы Саяси кеңес бюро мүшелері, Қарасай аудандық мәслихат депуттығына кандидаттардың партиялық тізімге енгізілген үміткерлер де қатысты.

Жалпы бұл жиынның алдында аудандық партия филиалы Саяси кеңес Бюросының кезектен тыс отырысында аудандық мәслихат жанындағы депутаттық фракциясын құру туралы қаулы қабылданғанын айта кеткен жөн.

Сонымен фракциялық басқосудың барысында күн тәртібінде Қарасай аудандық мәслихат жанындағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісін сайлау туралы алғашқы мәселе қаралды. Бұл жөнінде аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы, Саяси кеңес бюро мүшесі Сағат Мәсімақыновқа сөз сөйлеп, фракция жетекшісіне «Nur Otan» партиясы Қарасай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қаныбек Айтжанов сайлансын деген ұсынысын жеткізді. Көпшіліктің қолдауымен шешім жобасы қабылданды.

Жиындағы екінші мәселе Қарасай аудандық  мәслихат жанындағы «Nur Otan» партиясы  депутаттық фракциясы құрамына депутаттарды қабылдау жөнінде болды. Оның да шешім жобасы бекітіліп, қабылданды. Оған қатысты аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары, депутаттық фракцияның жетекшісі Қ.Айтжанов мәлімдеме жасады. Қаныбек Құлжабайұлы сөз арасында партия тарапынан праймеризден бастап үгіт-насихат жұмыстарына дейін атқарылған шаруаларды тілге тиек етіп, депутаттыққа үміткер жандардың аты-жөнін атап, атқаратын қызметтерімен таныстырды.

Күн тәртібіндегі кезекті мәселенің бірі – аудандық мәслихаттың хатшы лауазымын сайлау үшін кандидатураны ұсыну. Бұл жөнінде фракция отырысының төрағасы Жандарбек Далабаев сөз сөйлеп, бұл жауапты қызметке фракция мүшесі Бауыржан Айнабековтің кандидатурасын алға тартты.

Сонымен қатар, жиын барысында Қарасай ауданық мәслихаты жанындағы тұрақты комиссияларының төрағаларын ұсыну, Алматы облыстық, Қарасай аудандық сайлаулады бағдарламасын жүзеге асыру  туралы бірқатар мәселелердің реті де талқыланып, бекітілді.

Басқосудың соңында Саяси кеңес бюро мүшесі, көпке құрметті ақсақал ретінде Сағындық Жылқыбаев партия тарапынан атқарылған жұмыстарға жоғары бағасын беріп, аудан байынша сайлау қорытындысы жақсы нәтиже көрсеткішке жеткенін айтып, алдағы жұмыстардың барлығына сәттілік, табыс тіледі.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь