Елордалық азамат пәтерінде марихуана өсірген

0
297

Нұр-Сұлтан қаласының тәртіп сақшылары пәтерден есірткі өсіретін жылыжай тапты, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Елордалық Полиция Департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жас жігіт импровизацияланған жылыжайда өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді өсіріп, оларды пластикалық бөтелкелерге отырғызған. Оның пәтерін тінту кезінде марихуананы өсіруге қажетті құрал-жабдықтар табылды, мысалы, термореттегіш, ауа жіберетін желдеткіш, күн сәулесін ауыстыруға арналған энергия үнемдейтін шам, есірткіні қолдануға арналған құрылғылар, сондай-ақ, пайдалануға дайын есірткі табылды.

Ұсталған адамның айтуынша, ол интернеттен марихуананың «элиталық» сұрыптарын сатып алған және сол жерден есірткі өсіру тәсілдері туралы білген. Содан кейін ол марихуананы жеке пайдалану үшін де, оны елорданың «шығармашылық» студенттері арасында сату үшін де өсірген.
Медициналық сараптама көрсеткендей, ұстау кезінде «есірткі жылыжайының» иесі есірткі тұтынған мас күйінде болған.
Ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК 296 және 300-бабының 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды, ол 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға әкеп соғады.
Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь