Елорда мен Алматы арасындағы ұшақ билеттерінің құны бекітілді

0
579

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бірінші мамырдан бастап күніне 4 рейс жиілігімен Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары арасында әуе рейстерін ашу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы 24.kz сайтына сілтеме жасап.

«Сұраныс жоғары бағыт бойынша ұшудың басталуы саланы қалпына келтірудің алғашқы қадамы болады. Әуе рейстері ҚР ДСМ Көліктегі Бас санитарлық дәрігер белгілеген санитарлық қауіпсіздік шараларының күшейтілген жағдайында орындалады. Қазақстан әуе компаниялары күрделі жағдайды түсіне отырып, билет бағасын сатып алу күні мен уақытына байланысты 7 мың теңгеден 30 мың теңгеге дейінгі аралықта белгіледі», – делінген ҚР ИИДМ хабарламасында.

Алдағы уақытта жағдай жақсарса, ішкі рейстер санын және әуе кемелерінің сыйымдылығын арттыру мәселесі қарастырылатыны айтылған.

Айта кетсек, ҚР аумағында коронавирус инфекциясының одан әрі таралуын болдырмау және дер кезінде әрекет ету мақсатында 45 ішкі бағыт бойынша аптасына 540 (100%) тұрақты жолаушылар рейсі және 97 халықаралық бағыт бойынша аптасына 440 (99%) рейс (442-ден 2 рейске дейін) тоқтатылды. Төтенше жағдай режиміне және рейстер санының азаюына байланысты азаматтық авиация саласының 20 мың қызметкерінің шамамен 70% ақысыз демалысқа шықты.

Жалпы жыл соңына дейін саладағы шығын көлемі шамамен 300 млрд теңгені құрауы мүмкін.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь