Еліміздің пойыздарында әйелдерге вагоны пайда болды  

0
206

Алматы-Өскемен және Алматы-Маңғыстау бағыттарында тек әйелдерге арналған вагондар пайда болды. Бұл туралы «Қазақстан Темір жолы» АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарладайды karasayinfo.kz  желілік басылымы Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Сырттай вагондардың өзгелерінен айырмашылығы жоқ, билет құны да бірдей. Билет сатып алғанда әйелдерден қандай вагондарды таңдайтынын сұрайды. Егер арнайы вагонды таңдаса, билет сатып алған нәзік жандыларды вагонга орналастырады. Сонымен қатар, мұндай вагонға 7 жасқа дейінгі ұл балалардың кіруіне болады, бірақ жанында ересек адам болу міндетті.

Болашақта әйелдер вагонына сұраныс артса, санын көбейту жоспарланып отыр. Арнайы вагонның алғашқысы Алматы-2 теміржол вокзалынан жексенбі, 10-қазанда жолға шыққан. Жолаушы әйелдер вагонның тиімділігін айтып, келешекте өзге де бағыттарда пайда болуын қолдайтындықтарын жеткізген.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь