Еліміздің 8 өңірінде жол жабылды

0
285

Ауа-райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның сегіз өңірінде жол жабылды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

«Ауа райының нашарлауына байланысты (көктайғақ, қар аралас жаңбыр, жаяу бұрқасын, шектеулі көріну) еліміздің сегіз өңірінде Нұр-Сұлтан қаласындағы, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарындағы республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарда автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды», — деді Талғат Уәли.

Министрлік өкілі азаматтарды ауа райының өзгерістерін бақылауға шақырды.

«Дауылды ескерту туралы хабарламаларды тыңдап, қажетті сақтық шараларын сақтаңыздар. Қыс маусымында көлікпен алыс жолдарға шықпас бұрын, ауа райы болжамын міндетті түрде зерделеген жөн», — делінген министрлік хабарламасында.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь