Еліміздің 12 өңірінде дауыс беру аяқталды

0
89

Қазақстанның 12 өңірінде ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттарына дауыс беру аяқталды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

ҚР Орталық сайлау комиссиясының мәліметіншк, астана уақытымен сағат 20:00-де еліміздің 12 өңіріндегі 8144 сайлау учаскесі жабылды.
Қазір уақыт белдеулерінің шекарасына сәйкес, 5 өңірде – Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында сайлау учаскелерінде дауыс беру жалғасып жатыр. Бұл өңірлерде дауыс беру жергілікті уақытпен сағат 20:00-де, ал астана уақытымен 21:00-де аяқталады.

Сонымен қатар, Қазақстанның шетелдердегі өкілдіктері жанынан ашылған 10 сайлау учаскесінде сайлаушылар дауыс беріп болды. Шетелдегі 56 учаскеде дауыс беру жалғасуда.

Бір айта кетерлігі, 11 қаңтар Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы сағат 07:00-де АҚШ пен Канададағы ел азаматтары дауыс беруді аяқтайды.

Сайлауға барлығы бес партияның кандидаттары қатысуда. Олар бюллетеньде келесі тәртіпте орналасқан:

1. Қазақстанның Халықтық партиясы;
2. «Nur Otan»партиясы;
3. «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы;
4. «Ақ жол» Демократиялық партиясы;
5. «Адал» саяси партиясы.

Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың соңғы нәтижелерін жеті күн ішінде — 2021 жылдың 17 қаңтарына дейін шығарады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь