Елімізде көлік салығын төлеу мерзімі өзгеруі мүмкін

0
300

Қазақстанда көлік салығын төлеу мерзімі кейінге шегеру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Үкімет тарапы жүргізушілерге ыңғайлы болу үшін көлік салығын төлеу мерзімін ағымдағы жылдың 31 желтоқсанынан келесі жылдың 1 сәуіріне ауыстыруды ұсынды

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Сенат отырысында «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырды.

«Салық төлеушілерге ыңғайлы болу мақсатында көлік салығын төлеу мерзімін биылғы 31 желтоқсаннан келесі жылдың 1 сәуіріне ауыстыру ұсынылады», – деді министр Р.Дәленов

Дәл сол сияқты жеке тұлғалардың мүлкі мен жерге салынатын салықтарды бір салыққа біріктіру қарастырылып отыр.  Яғни, екі салық бірыңғай төлеммен төленеді. Бұл түбіртектерді толтыру және банк комиссияларын төлеу бойынша шығындарды қысқартуға мүмкіндік береді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь