Электр энергиясы қымбаттайды

0
867

Елімізде 1 сәуірден бастап электр энергиясы қымбаттайды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанда сәуір айынан бастап жылу электр станцияларының шекті тарифтері орта есеппен 15 пайызға артады. Бұл туралы энергетика вице-министрі Қайрат Рахымов мәлімдеп, 2020 жылдың қыркүйегінде 45 энергия өндіруші ұйымның 37-сі электр энергиясын өндірудің шекті тарифтерін қайта қарауға өтінім бергенін айтты.

Вице-министрдің сөзінше, еліміздің энергетика көздерінің басым бөлігі өткен ғасырдың 60-70-жылдары пайдалануға берілген. 2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы энергетикалық активтердің 53 пайызы тозған. Тиісінше, өндіру секторындағы негізгі шығындар жөндеу жұмыстарына кетеді. Сонымен қатар, Қ.Рахмымов станциялардың көбінің кірісі нақты шығыннан аз екенін түсіндірді. Оның сөзінше, тарифтердің өсуі көмірдің қымбаттауымен де байланысты. 2020 жылы Қаражыра көмірінің бағасы 8,6 пайызға, Богатырь көмірінің бағасы 9,9 пайызға өскен. Ал оны тасымалдау шығыны 7 пайызға артқан.

Жоғарыда айтқан өзгерістерден бөлек, вице-финистр энергия өндіруші компаниялар қызметкерлерінің жалақысын көтеру қажет екенін де мәлімдеді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь