Ел Президенті Қалмұханбет Қасымовты қызметінен босатты

0
303

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қалмұханбет Қасымовты өзінің отставкаға және мемлекеттік қызметтен кету туралы өтініші бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы лауазымынан босатты, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Бұл туралы ақпаратты ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды өзінің Facebook парақшасында жазды.

«Қасым-Жомарт Тоқаев Қалмұханбет Қасымовқа құқық қорғау органдарындағы ұзақ жылғы қызметі мен Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы ретінде сіңірген еңбегі үшін алғыс білдірді. Мемлекеттік күзет қызметі бастығының міндетін уақытша атқару Е.А.Сағымбаевқа жүктелді»,– делінген хабарламада.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь