Димаштың онлайн концертін 100 елдің жанкүйерлері тамашалады

0
379

Әлемге танымал, қазақ әншісі Димаш Құдайберген TIXR америкалық стриминг-платформасында онлайн концерт берді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

DIMASH DIGITAL SHOW — Димаштың коронавирус пандемиясы басталған сәттен бергі алғашқы жаһандық өнер көрсетуі болды. Аталған концертке дайындық жүріп жатқаны туралы өткен жылдың желтоқсан айының басында айтылды.

Көрсетілім ақылы болды. Билет сатудан түскен қаражаттың бір бөлігін ұйымдастырушылар қайырылымдылыққа бермек.
«Dears, сіздерге концерт ұнады деп үміттенемін! Жеке өзім және менің тобым сіздердің алған әсерлеріңізді білуге дайын!», — деп жазды Димаш Құдайберген Instagram-парақшасында.

Димаштың Еуразиялық фанклубы ұсынған ақпаратқа сәйкес, әнші 19 композициядан тұратын бағдарлама ұсынды. Оған «Olimpico», «Give me your love», «S.O.S», «War and Peace», «Любовь уставших лебедей», «Махаббат бер маған», «Қарағым-ай», «Қайран Елім», «Screaming» сынды әндер бар. Сонымен қатар ол «Өмір өтер» (Р.Ғайсин / Т.Арынғали), «Киелі мекен» (Е.Құдайберген / Қ.Айтбаев), «Be with me» (Д.Құдайберген / Д.Аракелян, Д.Шамуратов) сынды жаңа әндерді де тыңдарман назарына ұсынды.

Dimashnews.com порталының жазуынша, қазақ әншісі 6 тілде, атап айтқанда қазақ, итальян, француз, қытай, ағылшын және орыс тілдерінде ән салды. Онлайн форматта өткен концерт әншінің бүкіл әлемдегі жанкүйерлеріне үйде отырып-ақ оның өнерін тамашалауға мүмкіндік берді. DIMASH DIGITAL SHOW концертін әлемнің 100-ден астам еліндегі жанкүйер көрді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь