Димаш Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесіне 500 мың доллар бөледі

0
94

Димаш Құдайберген Қазақстанның денсаулық саласына 500 мың доллар сыйға тартты. Бұл туралы C.U.R.E үкіметтік емес қайырымдылық қорының президенті Дуглас Джексон мәлім етті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ztb_kazakhstan әлеуметтік парақшасына сілтеме жасап.

Димаш Халықаралық әйелдер күнін онлайн форматтағы тойлау шарасына қатысып, одан түскен қаражатты Қазақстанға дәрі-дәрмектер мен медициналық жабдықтар сатып алу үшін бергенін атап өтті.⠀

Одан соң қиын-қыстау – пандемия кезінде медицина қызметкерлеріне арналған әнінің бейнебаяны көрсетілді.

– Димаш жылдың басында онлайн концерт өткізді. Одан түскен табыстың бір бөлігін ол Қазақстанның денсаулық саласына берді. 500мың $ дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдықтар сатып алу үшін жұмсалатыны айтылды. Осы жағдай біздің онымен жақын танысуымызға түрткі болды. Сөйтіп оны өзіміздің бас амбассадорымыз ретінде тағайындадық, – деді Дуглас Джексон.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь