Дезинфекциялық сепкіштері бар трактор шығарыла бастады

0
645

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәлімдеуінше қала көшелеріне дезинфекция және зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізу үшін арнайы дезинфекциялық сепкіштері бар тракторларды Қостанай ауыл шаруашылығы техникасын өндіруші «Агромашхолдинг KZ» кәсіпорыны шығара бастады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы 24.kz сайтына сілтеме жасап.

«Lovol 604» модификациялы моделінің алғашқы топтамасы қала көшелеріне дезинфекция жұмыстарын жүргізу үшін аймақтағы «АБЗ плюс» компаниясына жеткізілді. «Lovol» тракторлары – түрлі аспалы, жартылай аспалы және тіркеме жабдықпен жабдықталады, осылайша олар ауыл және коммуналдық шаруашылық саласында, құрылыста және басқа да бағыттарда тиімді пайдаланылады.

Аталмыш тракторлардың маңызды ерекшеліктерінің бірі еуропалық дизайніндегі жылыту және кондиционері бар үшінші буын кабинасы. Сондай-ақ, трактор гидронасоспен және қуаты ұлғайтылған қозғалтқышпен жабдықталған.

Естеріңізге сала кетейік, 35-тен 130 а.к. дейінгі «Lovol» тракторларының жиыны Қостанайда өткен жылдан бері шығарыла бастады. Отандық өндіруші «Агромашхолдинг KZ» тракторларын «БРК-лизинг» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы сатып алуға болады.

«АгромашХолдинг KZ» АҚ – Қазақстандағы «ESSIL» маркалы астық жинайтын комбайндарды, LOVOL тракторын, кең ассортименттегі қосымша өнімдерді өндіретін жалғыз өнеркәсіптік кәсіпорын, сонымен қатар, ҚР аумағында «Гомсельмаш» АҚ өнімдерінің эксклюзивті дистрибьюторы болып саналады.

Компания еліміздің барлық астық егетін өңірлерінде 8 филиалы мен 11 өкілдікті қамтитын ірі қызметтік-өткізу желісіне ие. Кәсіпорында ауыл шаруашылығы техникасын жүзеге асыру, сондай-ақ, сервистік қызмет көрсету саласында үлкен жұмыс өтілі бар 150 жоғары білікті маман еңбек етеді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь