Денис Тен ісі: сотталғандардың бірі түрмеге қайта қамалды  

0
379

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің ісі бойынша сотталған Жанар Толыбаева қайтадан түрмеге қамалды. Бұл туралы күдіктінің Sputnik Қазақстанға берген сұхбатында белгілі болды, karasayinfo.kz  желілік басылым.

Белгілі болғандай Жанар Толыбаева қазір баласымен бірге Алматы облысы Жауғашты ауылындағы түзету мекемесінде жазасын өтеп жатыр.

«Мен туралы бүкіл Қазақстан білуі де мүмкін. Себебі мен Денис Теннің ісі бойынша қылмысты біле тұра айтпағаным үшін отырмын. Сол үшін маған 4 жыл жазамды жалпы колонияда өтеуге берген еді. Бірақ мені бір рет емес, бірнеше рет осы жерге қайтарып жатыр», — деді Толыбаева.

Қазақстан  заңына сәйкес ауыр қылмыс үшін сотталған кез келген азамат жаза мерзімінің 1/3 бөлігін өтегеннен кейін қалған бөлігін жазаның едәуір жеңіл түріне ауыстыру туралы сотқа өтініш білдіре алады. 2019 жылдың желтоқсанында Толыбаева осы құқығын пайдаланған еді. Соған байланысты 2020 жылы жазасын ауыстырған еді.

Бірақ араға бір жыл үш ай салып оны қайтадан түрмеге қамады.

Ол қазір баласымен бірге Алматы облысы Жауғашты ауылындағы ЛА-155/4 түзету мекемесінде жазасын өтеп жатыр.

Толыбаеваның сөзінше, оның бәрі колония сот алқасының қателігі. Себебі олар дәл уақытында марқұмның туыстарына оның сотқа өткізгені туралы ешқандай ескерту жібермеген. Бір жыл болған кезде бүкіл сайт «Толыбаева бостандыққа шықты, бір жыл болды» деп жаза бастағанын, алайда оған дейін ешкімнің ештеңе жазбағанын айтты.

Сотталушы соған байланысты Қазақстанда заң бәріне бірдей қолданылмайтынына наразы.

«Сол күннің әрбір сәті есімде. Мен түрмеден шыққаннан кейін де түсіме жиі кіретін болды. Тіпті колонияға қайта келгенімде де шошып оянатын кездерім болды»- деді Толыбаева қылмыс болған күнді есіне алып.

Еске сала кетейік, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 2018 жылдың 19 шілдесінде ұрылар қолынан қаза тапқан еді. Сот 2019 жылдың басында Денис Теннің өліміне қатысты сотталғандарға үкім шығарды.

Арман Құдайбергенов қылмыстық кодекстің 188-бабы «Ұрлық», 192-бабы «Қарақшылық» және 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша айыпты деп танылып, 18 жылға сотталды. Ал Нұралы Қиясовқа «Адам өлтіру» және «Қарақшылық» баптары бойынша 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жанар Толыбаева 434-бап «Қылмыс туралы хабарламау» бойынша кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Іс барысында оның жүкті екені белгілі болған.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь