Дарынды балалар марапатталды  

0
107

Бүгін аудандық Мәдениет үйінде облыстық XVIII  «Жетісу жұлдыздары – 2020»  байқауы мен М. Дулатұлының  135 жылдығына арналған  онлайн-эссе сайысының жүлдегерлері марапатталды, деп хабарлайды  karasayinfo.kz  желілік басылымы.

Қазір  карантиндік режимге байланысты дәстүрлі түрде жыл сайын өткізілетін  мәдени және спорттық іс-шаралардың басым бөлігі кейінге қалдырылған болатын. Дегенмен  жас өнерпаздардың таланттарын бағалау үшін кейбір ауқымды байлаулар    онлайн форматқа ауыстырылды.  Осындай қашықтықтан  Алматы облысы әкімінің  жүлдесі үшін өткізілген  облыстық  XVIII  «Жетісу жұлдыздары – 2020» балалар шығармашылығы байқауында «эстрадалық ән» номинациясы бойынша бас жүлде иеленген  Қарақат Шарбатқа және осы номинация бойынша бірінші орын алған Адель Алиханқызына  дипломдарын аудандық Мәдениет үйінің директоры Елнұр Нұрғожаева тапсырды.Олар бұл жарысқа «ZOOM» платформасы арқылы қатысып, өз өнерлерімен қазылар алқасын тәнті еткен. Қарақат байқауына дайындаған ұстазы Шамалған ауылдық Мәдениет үйінің директоры Шәрбану Қалиева болса, ал, Адельге ляға ән айтудан Қалбүбі Абдуллаева тәлім беріпті.

Одан кейін  Міржақып Дулатұлының  135 жылдығына орай ұйымдастырылған онлайн-эссе байқауының жүлдегерлерін аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ділда Әбілқасымова марапаттады. Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, жазушы, драматург Міржақып атамыздың өмірі мен  шығармаларын талдау тапсырылған сайысқа жиырмаға жуық оқушы қатысқан. Олардың арасынан ерекше эссе жазып бас жүлдені Сабина Айтқазинова иеленіпті. Ал, бірінші орынды Гулирайхан Айтбаева алса, екінші орынды Аружан Нұрқайдар, үшінші орынды Гүлфайруз Жылқайдарова лайық деп танылыпты.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь