COVID-19: Қауіп әлі де сейілген жоқ

0
167

Өткен тәулікте 1342 адам коронавирус індетін жұқтырды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Сайттың ресми мәліметіне сүйенсек, 30 қаңтар 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда ПТР арқылы 1 342 адамда коронавирус инфекциясы расталды. Олар мына аймақтар бойынша тіркелді: Нұр-Сұлтан қаласы – 112, Алматы қаласы – 115, Шымкент қаласы – 15, Ақмола облысы – 201, Ақтөбе облысы – 18, Алматы облысы – 70, Атырау облысы – 47, Шығыс Қазақстан облысы – 79, Жамбыл облысы – 24, Батыс Қазақстан облысы – 98, Қарағанды облысы – 82, Қостанай облысы – 102, Қызылорда облысы – 6, Маңғыстау облысы – 13, Павлодар облысы – 252, Солтүстік Қазақстан облысы – 96, Түркістан облысы – 12.

Осылайша еліміз бойынша жалпы ауырғандар саны 186 711-ге жетті.

Ауырғандар адамдардың көрсеткіші өзгергенімен, сырқатынан емделген науқастар да бар. Мәселен, өткен тәулікте дәл осы індеттен 867 адам жазылып шықты. Олардың басым көпшілігі Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларының және Ақмола облысының тұрғындары.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь