Cемейде университеттің тест жүйесі бұзылып, студенттер жауапқа тартылады

0
147

Семей медициналық университетінде 2021 жылы 15-17 мамырда емтихандар кезінде KEYPS ақпараттық жүйесіне бұзып кіру және 3 курстың жиынтық емтихандарының тест тапсырмаларының жауаптарын заңсыз иелену жағдайы тіркелді, деп хабарлайды karasayinfo.kz  желілік басылымы аталған университеттің сайтына сілтеме жасап.

Университет ақпаратына сәйкес, тест жауаптары кейіннен 3 курс студенттері арасында сатылған. Осылайша университеттің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған.

«Қызметтік тергеу барысында KEYPS ақпараттық жүйесіне кіру үшін пайдаланылған 20-дан астам IP-мекенжай, сондай-ақ, ақшаға жиынтық емтихандардың тест тапсырмаларына жауаптарды сатып алған, пайдаланған және таратқан 3 курстың бірқатар студенттері анықталды. 3 курс студенттерінің жиынтық емтихандарының нәтижелерін талдау әртүрлі пәндер бойынша студенттердің 40%-дан 70%-ға дейін тест тапсырмаларын өте жақсы тапсырғанын көрсетті»,- делінген хабарламада.

Сондай-ақ, аталған іске байланысты академиялық адалдық қағидаттарының бұзылуы, сондай-ақ, тесттерді таратқан тұлғалардың түпкілікті толық емес тізімі, оның ішінде студенттерді келесі курсқа ауыстырудың алдағы рәсімдері және стипендиялар тағайындау қажеттілігі жазғы сессия нәтижелерінің күшін жоюға негіз болды. 3 курс студенттері үшін жиынтық емтиханның тест бөлігін қайта тапсыру тағайындалды.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта Семей қаласының полиция басқармасы, қылмыстық кодекстің 205-бабының 1-бөлігі («ақпаратқа, ақпараттық жүйеге немесе коммуникациялар желіге заңсыз қол жеткізу») көзделген қылмыстық құқық бұзушылық  бойынша сотқа дейінгі тергеу-тексеру амалдарын жүргізуде.

 

 

 

 

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь