ҰБТ толығымен электронды форматқа ауысады

0
150

Ұлттық бірыңғай тестілеу толығымен электронды форматқа көшіріледі. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Үкімет бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту бойынша жұмыс істейді. Оны халықаралық тәжірибе негізінде балаларды ерте дамыту жөніндегі ұлттық жоспарға енгізеді. Мектепке дейінгі білім берудің жаңа моделін енгізу және қосымша білім беруді жан басына қаржыландыру арқылы 3-6 жас аралығындағы балаларды балабақшамен қамтуды 99 пайызға жеткізуді жоспарлап отырмыз» — деді Асқар Мамин.

Үкімет басшысының айтуынша, 400 жаңа балабақша ашылады. Сонымен қатар, мемлекеттік-жекешелік серіктестік аясында 180 мектеп салу жоспарланған. Ұлттық бірыңғай тестілеу толығымен электронды форматқа көшіріледі.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь