ҰБТ-да заңсыз әрекет жасағандар жыл бойы тесті тапсыру мүмкіндігінен айырылады

0
934

«Birge oqý» жобасының арналары арқылы өткен тікелей эфирде «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК директорының орынбасары Наужан Дидарбекова ҰБТ кезінде заңсыз әрекет жасаған түлектер жыл бойы тестілеу тапсыру мүмкіндігінен айырылатының мәлімдеді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

— Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу процесіне өзгерістер енгізіліп отыр. Осы орайда заңсыз әрекеттерге талаптар күшейтілді деп айтсақ болады. Мысалы, бізде бұрын тыйым салынған зат аудиториядан табылған жағдайда ғана акт жасалып, оқушы тестілеуден шығарылатын болатын. Ал, биылғы ҰБТ-ны өткізу қағидатына тоқталсақ, тестілеуде ғимараттағы металды іздейтін құрылғы аймағына дейін тестіленуші баладан тыйым салынатын зат табылған жағдайда, онда тиісті акт жасалып, түлек тестілеуге жіберілмейді. Бұл тұрғыда биыл ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айырылады», — деп түсіндірді Н.Дидарбекова.
Сонымен қатар, аудиторияда тыйым салынған затпен ұсталған түлектің де тестілеу нәтижесі жойылып, осы жылы ҰБТ тапсыра алмайтын болады. Бұдан бөлек Н. Дидарбекова кейбір талапкерлер өзінің орнына басқаларды тестілеуге жіберіп жататынын, бұл заңсыз әрекет жасағандарға тиісті жаза қарастырылғанын айтты. Олар да жыл бойы емтихан тапсыра алмайтың болады.
Маманның пайымынша, мұндай шаралар талапкерлер арасында заңсыз әрекеттердің жолын кеседі.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь