«Болашақ» бағдарламасы бойынша құжат қабылдау 4 мамырда басталады

0
73

Онлайн-брифингін барысында Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім беру стипендиясын тағайындауға құжат қабылдау мамыр айының 4-нен басталатындығын мәлімдеді, – деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

– 4 мамырда «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін конкурсқа құжат қабылдауды бастау жоспарланып отыр. Құжат қабылдау 2021 жылдың 27 қазанына дейін жүргізіледі. Былтырғыдан айырмашылығы, енді құжат жыл бойы қабылданады. Негізгі дайындық жұмыстары жүргізілді, биыл шәкіртақы тағайындау үш кезеңнен тұрады: маусым, тамыз және қарашада, – деді Мирас Дәуленов.

Магистратура мен докторантураға түсушілердің барлығы «Болашақ» бағдарламасының тізімінде көрсетілген шетелдік жоғары оқу орнына түсуі тиіс. Осыдан кейін халықаралық стипендия тағайындау үшін құжаттар тапсыруға болады.

– Биыл биологтарға, биотехнологтарға, сондай-ақ, вакцинология саласындағы мамандарға ерекше назар аударылады. Басым мамандықтардың жеті блогы арасындағы маңызды айырмашылығы бар инновациялар мен жаңа технологияларды жеке ескергім келеді, – деді вице-министр.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь