Биылғы пітір садақа мөлшері – 370 теңге

0
780

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен бүгін Елордада Рамазан айы қарсаңында өтетін дәстүрлі Төралқа мәжілісі болды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми сайтына сілтеме жасап.

Онлайн режимде өткен мәжіліске наиб мүфти Ершат Оңғаров, ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, Ғұламалар кеңесінің мүшелері, ҚМДБ бөлім меңгерушілері мен облыс және республикалық маңызы бар қалалардың бас имамдары қатысты.

Жиын барысында Рамазан айында берілетін пітір садақасы мен зекет мөлшерін анықтауға қатысты сөз қозғалды. Оған қатысты ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Хасан Аманқұлов баяндама жасап, түсіндірді.

Сонымен, ҚМДБ Төралқа мәжілісінің шешімімен биыл бір адам атынан берілетін пітір садақа мөлшері 370 теңге деп бекітілді. Пітір садақаның құны ұнның (республика бойынша есептегенде) нарықтық орташа бағасымен шығарылды. Ал материалдық жағдайы бар азаматтар пітір садақаны мейіз немесе құрма құнымен бергені абзал.

Айта кетсек, биыл Рамазан айы 24 сәуірде басталады. Бұл туралы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде тікелей эфирде өткен брифингте мәлімдеген болатын.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь