Биылғы көмір бағасы белгілі болды

0
171

Елімізде көмір бағасы өңірлерге байланысты тоннасына 5 мыңнан 19 мың теңгеге дейін ауытқиды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

– Көмір бағасы нарықтық қатынаста қалыптасатынын және мемлекет тарапынан реттелмейтінін айта кету қажет. Әкімдіктердің ақпараты бойынша өңірлердегі көмірдің құны тоннасына 5 мың теңгеден 19 мың теңгеге дейін өзгереді. Бұл ең алдымен көмірдің маркасына, өндіру шығындары мен жеткізу қашықтығына байланысты, – деді министр. Оның айтуынша, алдағы жылыту маусымында коммуналдық-тұрмыстық және тұрғындар үшін қажетті көмір көлемі шамамен 9,2 млн тоннаны құрайды. Оның ішінде коммуналдық-тұрмыстық секторға — 2,8 млн тонна, халыққа 6,4 млн тонна көмір қажет.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь