Биыл мешіттерде Қадір түні қалай өтеді

0
172

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Қадір түні мешіттерге жиналуға бола ма?» деген сұраққа жауап берді, – деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, мешіт жұмысы өңірлердің «қызыл», «сары», «жасыл аймақтарда» болуына тікелей байланысты.

– Қазіргі уақытта пандемияға байланысты мемлекетімізде «қызыл», «сары», «жасыл аймақтар» бар. «Қызыл аймақтарда» жамағатпен намаз оқу тоқтатылған. Алла қаласа, өңіріміз Қадір түніне дейін «жасыл аймаққа» өтсе, әрине жамағатпен намаз оқуға мүмкіндік аламыз. Ал, «сары аймақтағы» мешіттерде бес уақыт жамағатпен намазға рұқсат берілген, тарауық намаздары қысқа оқылып жатыр, жұма намаздары оқылып жатқан жоқ. Ал, «жасыл аймақтарда» толық жұма намазы, тарауық намаздары оқылып жатыр, – деп жауап берді Бас мүфти Нұр-Сұлтан қаласының №1 ауруханасында өткен қайырымдылық шарасында.

Биылғы Қадір түні сәуір айының 8-інен 9-ына қараған түні өтеді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь