Биыл бюджет саласындағы 1 млн-нан астам жұмыскердің жалақысы өседі

0
513

Биыл 1,3 млн адам жұмыспен қамтудың әртүрлі шараларымен қамтылады. Бұл жайында Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Үкімет биыл халықты жұмыспен қамту және табысын арттыру мақсатында мемлекет мідеттері кешенін айқындады. 1,3 млн адам жұмыспен қамтудың әртүрлі шараларымен қамтылады. Бұл жұмыссыздық деңгейін 4,9 пайызға дейін төмендеді. «Жұмыспен қамту жол картасы» жұмысы жүзеге асырылуын жалғастырады. Бұл ретте тұрақты жұмыс орындарын құруға баса мән беріледі. Еңбек нарығын жаңа жағдайға бейімдеу үшін жұмыспен қамтудың жаңа түрлері енгізіледі» — деді Асқар Мамин.

Оның айтуынша, экономикада құрылатын жұмыс орындары есебін толық жүргізу үшін жұмыспен қамтудың өңірлік жол карталары жасалады. Еңбек нарығын дамытудың 2021-2027 жылдарға арналған жоспар әзірленеді Сондай-ақ, Премьер-министр биыл бюджет саласындағы 1 млн-нан астам жұмыскердің жалақысы өсетінін айтты.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь