Биыл алғаш рет мемлекеттік спорт тапсырысы енгізіледі  

0
103

2021 жылдан бастап алғаш рет мемлекеттік спорт тапсырысы енгізіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова айтты, деп хабарлайды karasayinfo.kz  желілік басылымы  ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

«Бүгінгі күні ауылдық елді мекендерде 24 мыңға жуық спорт ғимараты жұмыс істейді. Спортпен шұғылданғысы келетін азаматтардың өсіп келе жатқан қажеттілігі өңірлердің, ауылды жерді спорт нысандарымен қамтамасыз ету проблемасын айқындап отыр. Бұл мәселені шешу үшін еліміздегі ауылдық елді мекендердегі 170 спорт нысанына, оның ішінде Елбасының тапсырмасы бойынша салынып жатқан 55 дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне құрылыс жұмысы, 154 спорт нысанына жөндеу жұмысы жүргізіледі», — деді министр.

Оның дерегінше, 2025 жылға дейін 1 719 инфрақұрылымдық жобаны іске асыру жоспарланған.

«Сонымен қатар ауылдарда 881 спорт нысанын салу және 838 спорт нысанына жөндеу жүргізіледі. Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту туралы тапсырмасын іске асыру аясында дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары бекітілді. Құжаттың негізгі міндеті – дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын халықтың санын арттыру. Бұл мақсатта 2021 жылдан бастап алғаш рет мемлекеттік спорт тапсырысы енгізілетін болады. Нәтижесінде 2025 жылы балалар мен жасөспірімдер спорт секцияларының саны ауылдық жерлерде 66,5 мың дейін жеткізіледі», — деді Ақтоты Райымқұлова.

 

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь