«БІЛІМ» МҰҒАЛІМДЕР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

0
96

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры жанындағы Қарасай ауданының білім беру қоры ұйытқы болуымен аудандық  мұғалімдері арасындағы  «Білім» байқауының биылғы жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды karasayinfo.kz  желілік басылымы.

 Ұстаздардың біліктілігін анықтайтын аталмыш сайыс он жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді. Сабақ уақытына кедергі келтірмес үшін бұл байқау күзгі және көктемгі демалыс кезінде өткізілетінін айта кеткен жөн. Қазақ, орыс, ағылшын тілдері, география, информатика, физика, математика, химия, биология және тарих пәндерінен сабақ беретін мұғалімдер аталған сайыста өз бақтарын сынай алады. Осы жылы Сүлеймен Демирел атындағы университетінің базасында үздік ұстаздардың басы қосылды.  2020-2021 оқу жылындағы күзгі іріктеу кезеңіне Қарасай ауданында орналасқан мектептерден 840 мұғалім қатысуға өтініш білдіріп, оның ішінен 50 педагог 10 пән бойынша көктемгі ақтық кезеңге өтті. Олардың әрқайсы өз пәндері бойынша берілген тапсырмаларды мүдірместен орындап, білімділіктерін көрсетті. Жаратылыстану бағыты бойынша сабақ беретін ұстаздар есептерді шығарып жарысса, ал, гуманитарлық бағытындағылар эссе арқылы өз шығармашылықтарын көрсете білді.

Байқау қорытындысы бойынша  информатика пәнінен  Абай ауылының орта мектебінің ұстазы Әйкен  Алтангүл,  физика пәнінен   А. Байжанов атындағы орта мектебінің ұстазды    Ғалия Нұртазина, математика  пәнінен   Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінің ұстазы  Эльмира Абатова, тарих пәнінен   Қарасай батыр атындағы орта мектебінің ұстазы  Жанат Қарабекова, қазақ тілі пәнінен    Шамалған бекетіндегі қазақ орта мектебінің ұстазы Асылбек Әмірбаев, химия  пәнінен,  Дарынды балаларға арналған әл-Фараби атындағы үш тілді оқытатын арнаулы гимназиясының ұстазы  Жексенбек Тоқтарбай, биология пәнінен «Айсаф» жеке мектебінің ұстазы   Жанна Танысбекова, география пәнінен В. Белинский атындағы орта мектебінің ұстазы  Жанар Әбужанова,  орыс тілі пәнінен  Абай атындағы орта мектеп-гимназиясының ұстазы Айнұр Оразбекова, ағылшын тілі пәнінен Кырғауылды ауылының орта мектебінің ұстазы  Фариза Әнуарбекова лайық деп танылды.

«Білім» ұстаздар арасындағы сайыстың жеңіспаздарына дипломдар мен құнды сыйлықтар табысталды.

 

 

 

 

 

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь