Білім беру орталығында бір жарым жасар қыз соққы жеген

0
159

Алматы қаласындағы Балалар білім беру орталықтарының бірінде бір жарым жасар қыз соққы жеген, – деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы «НеМолчиKz» сайтына сілтеме жасап.

Аталмыш қордың негізін қалаушы Дина Таңсәрінің айтуынша, балада соққы іздері бар, миы шайқалған.

– «Директор мұны басқа бір бала жасады дейді! Оған сену қиын», – деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.

Полиция департаменті істің тергеліп жатқанын хабарлады.

– «Аталған факт ҚК-нің 141-бабы «Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау» бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Істі Жетісу аудандық ПБ қарап жатыр. Тергеу аясында тиісті сараптамалық зерттеулер жүргізіледі. Олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады», – деп хабарлады ПД баспасөз қызметі өкілдері.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь