Белгілі ардагер журналист Нұртілеу Иманғалиұлы өмірден өтті

0
68

Қазақ телевизиясының ардагері Нұртілеу Иманғалиұлы өмірден өтті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Қайғылы хабарды «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының баспасөз қызметі таратты.

«Бүгін таңертең 70 жасқа қараған шағында Қазақ телевизиясында 45 жыл қызмет атқарған журналистика ардагері Нұртілеу Иманғалиұлы өмірден өтті. Нұртілеу Иманғалиұлы «Құрдастар», «Жастар дауысы», «Арай», «Жадыңда ма, жолдас», «Айна», «Жас жігер»,«Бетпе-бет», «Қолтаңба», «Діңгек», «Көршілер», «Заң сөйлесін», «Nur-Tiley» авторлық бағдарламалары арқылы қалың көрермен есінде қалды» делінген хабарламада.

Айта кетейік, Нұртілеу Иманғалиұлы 2006-2007 жылдары – «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы, одан кейінгі жылдары «Қазақстан РТРК» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі қызметтерін атқарды.
Соңында ізбасар шәкірттер тәрбиеледі.

Бүгін Ұлттық арна эфирінен естелік хабарлар мен арнайы жобалар беріледі.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь