«Басқа аурудан қайтыс болатындар жүз есе көп» – Лукашенко

0
687

Беларусьте бүгінде 3281 адам COVID-19 жұқтырып, 33 адам қайтыс болған. Алайда ел президенті Александр Лукашенко 33 адам коронавирустан көз жұмбағанын айтқан. Одан бөлек, ел президенті коронавирусқа «психоз» деген түсінік берген, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

13 сәуірде Лукашенко бірқатар министрмен кездескенде таңғаларлық мәлімдеме жасаған. Оның айтуынша, Беларусьте коронавирустан бір де бір адам қайтыс болмаған.

– «Адамдар қорқып қалған. Сондықтан менің оларға айтарым: біздің елде коронавирустан бір адам қайтыс болған жоқ. Бір де бір! Олар бұрыннан бері келе жатқан созылмалы аурулардан көз жұмды. Оның ішінде жүрек-қан тамырлары ауруы, өкпеге ауа етіспеуі бар. Барлығы жиналып қалған. Оның ішінде қант диабеті де бар. Мен тіпті, оқи алмайтын диагноздар анықталып жатты. Оған келіп коронавирус қосылған», – деді президент.

Мұнан бөлек Лукашенко Беларусьте карантинді қажет болған кезде ғана жариялайтының айтты.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь