«Бала дауысының» бесінші маусымы

0
728

26 наурыз бен 25 сәуір аралығында Ұлттық «Бала дауысы» балалар ән конкурсының бесінші маусымының қашықтықтан іріктеу кезеңі өтеді, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы.

Конкурстың ұйымдастырушылары 8-12 жас аралығындағы балаларды еліміздің ең ауқымды музыкалық жобасының қатысушысы болуға шақырады.

Онлайн-іріктеу турына қатысу үшін өтінімді толтырып, кез-келген тілде және кез-келген жанрда екі-үш ән үзінділері орындалған бейнесін жіберуі қажет. Іріктеу турының қорытындысы бойынша 17 финалист анықталады, олар маусым айының басында Алматы қаласына шақырылатын болады.

«Бала дауысы» – бұл әлеуметтік жоба, оның барлық кезеңдеріне қатысу тегін, ал оның жеңімпаздары мен жүлдегерлері еліміздің музыкалық оқу орындарында білім алуға гранттар мен ертегілер әлемі – «Диснейлендке» жолдама алады.

Байқаудың ұйымдастырушылары – Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» қоры, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры.

Толық ақпаратты конкурстың ресми www.baladauysy.kz сайтынан біле аласыздар. Өтінімдер www.notka.kz сайтында  26 наурыздан бастап қабылданады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь