Қазақстандық жүргізушілер жиі бұзатын жол ережесі аталды  

0
100

Қазақстандық көлік жүргізушілерінің тасжолда жылдамдықты асырған 437 мың жағдайы тіркелді. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов мәлімдеді, — деп хабарлайды  karasayinfo.kz  желілік басылымы  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

ІІМ мәліметіне сүйенсек, жыл сайын полицейлер 5 миллион 652 мыңға жуық жол ережесін бұзған жағдайды тіркейді.

«Биыл 1 300 000 аса жол қоғалысы ережесін бұзған жағдай анықталды. Оның ішінде 437 мыңы жылдамдықты арттыру, 289 мыңы белгілер мен таңбалар талаптарын бұзу, 68,6 мыңы жарық аспаптарын пайдалану ережесін бұзу, 5 мыңы жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін бұзу, 19,5 мыңы аялдама және көлікті тұраққа қою ережелерін бұзу дерегі бойынша», — деді Серік Түсіпов ІІМ-де өткен брифингте.

Сонымен қатар, 5 мыңнан аса жүргізуші мас күйінде ұсталған. Жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін басқару құқығынан 6 мың жүргізуші айырылды, 5 мыңнан аса адам әкімшілік қамауға алынған.

 

 

 

 

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь