Қазақстандықтар Интернетке қосыла алмай шағымданды

0
115

Әр өңірдегі қазақстандықтар Интернеттің істен шыққанына шағымданды, — деп хабарлайды karasayinfo.kz  желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан мен Алматы қолданушылары жаһандық желіге қосыла алмай, қиындықтар болды. Кейбір тұрғында мәселе бірнеше минутта шешілді, кейбіреуі ғаламторды әлі қолдана алмай отыр. Қалған өңірлер бойынша ақпарат нақтыланып жатыр.

Интернеттегі ақаулар туралы әлеуметтік желілерде де хабарланды.

«Астана аудандарында бірнеше минутқа бүкіл Интернет сөндірілді. (…) Бірақ тез қосылды», — деді Abishev Analytics Telegram-арнасының авторы.

Айта кетейік, 8 маусымда ірі интернет-ресурстардың жұмысында жаһандық іркіліс тіркелді. Қолданушылар ірі халықаралық БАҚ сайттарына, танымал әлеуметтік желілер мен сервистерге кіре алмағанын хабарлады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь