Қазақстандықтарға мемлекеттік грант алуға көмектесуге уәде беретін алаяқтар пайда болды  

0
73

Алматыда «Бастау Бизнес» жобасына қатысушыларға сертификат алып береміз дейтін алаяқтар пайда болды, — деп хабарлайды karasayinfo.kz  желілік басылымы  Алматы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы тұрғындары емтихан тапсыру, бизнес-жоспар құру, сондай-ақ «Бастау Бизнес» бағдарламасын оқығаны туралы сертификат алуға көмектесуге уәде беретін компаниядан жаппай хабарлама алған. Хабарламада компанияның үш жыл бойы осы қызметпен айналысатыны айтылған.

«Сізді «Бастау Бизнес» бағдарламасын оқуға рұқсат алғаныңызбен құттықтаймыз. Қызмет мыналарды қамтиды: барлық сабақ, сынақ және емтиханнан сіздің орныңызға өту. Сондай-ақ, бизнес-жоспар және оқуды аяқтағаны туралы сертификат сатып алу», — делінген алаяқтар хабарламасында.

Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасы 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту ақысыз негізде екенін айтты.

«Алаяқтық сипаттағы хабарламаларды жаппай тарату және бөгде адамдардың қызметтерін пайдаланбауды сұраймыз», — деді палата директоры Айтуар Қошмамбетов.

Ол оқыту барысында жобаға қатысушыларды тек жоба кеңесшісі және әр топтың бизнес-тренері сүйемелдейтінін еске салды.

 

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь