Қазақстанда балалар 2022 жылдан бастап тегін ұша алады

0
157

Қазақстандық балалар 2022 жылдан бастап «Kids gou free» бағдарламасының аясында 2 жастан 14 жасқа дейінгі қазақстандықтарға әуе билеті тегін беріледі. Осы ретте, 2022 жылдың қаңтарынан бастап топ-10 туристік аумақ бағыттары бойынша сапарды брондауға болады, – деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Кaz.tengritravel.kz сайтына сілтеме жасап.

– 2022 жылдан бастап күшіне енеді, өйткені бюджеттік заңнамаға сәйкес бюджеттік қаржыландыруды талап ететін барлық норма келесі қаржы жылынан бастап күшіне енеді. Заңға қол қойылды, енді ережелер жобасы мен оның жұмыс істеу механизмі әзірленіп жатыр. Жыл басынан бастап қазақстандық туроператорлар «Кидс гоу фри» бағдарламасы қосылған турпакеттерді сатуды бастайды. Бағдарламаны талқылау және нарықпен келісу барысында қандай да бір түзетулер болуы мүмкін, бірақ, әзірге өзгерістер жоспарланбаған және бәрі де сол күйінде қалып отыр, – деді Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков.

Бағдарламаға Қазақстанның 14 жасқа дейінгі азаматтары қатыса алатыны қазірдің өзінде белгілі. «Кидс гоу фри» қосылған туристік өнімді сатып ала отырып, турист басым туристік орындардың аумағында кемінде үзіліссіз бес күн және төрт түн тұруға міндетті. Бағдарлама бойынша қолжетімді топ-10 бағытты, сондай-ақ, басқа да мәліметтерді мына жерден оқуға болады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь