«Қазақстанда бәрі сатылады». Волейболшы тікелей эфирде айтқан сөзі үшін шеттетілді

0
143

«Жетісу» әйелдер командасының волейболшысы Алеся Сафронова тікелей эфирде айтқан сөзі үшін шеттетілді,  деп хабарлайды  karasayinfo.kz  желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Волейбол федерациясы спортшы қызға қатысты қолданылған шараларды айтты.

«Жетісу» командасының №14 ойыншысы Алеся Сафронованың QazSport телеарнасында «Алтай-Жетісу» матчы кезінде Қазақстан волейбол федерациясына тікелей эфирде айтқан сөзі негізінде. 2020 жылдың 12 қарашасында әйелдер командалары, Ұлттық лиганың шеберлері арасында волейболдан 29-чемпионаттың бірінші турының бас төрешілер алқасы Алеся Сафронованы турдың соңына дейін шеттету туралы шешім қабылдады, әрі қарай осы жағдайды атқару комитетінің келесі отырысында қарастырамыз», — деді Федерацияның бас хатшысы Ермек Сырлыбаев.

Ермек Сырлыбаев бұл нақты санкция емес екенін айтты. Ол турдың бас төрешісі ретінде әзірге тек осындай шешім қабылдай алады екен. Әрі қарай бұл мәселе атқару комитетінің және спорттық техникалық комиссияның отырысында талқыланады дейді.

Айта кетейік, тур екі күннен кейін аяқталады.

«Оның айтуынша, мұны ол эмоцияға беріліп айтқан. Ешқандай қарсылығы болмаған, тек судьялардың екі сәтті елемей қалғанын айтқысы келген. Бірақ Қазақстан мен федерация туралы айтудың не қажеті бар? Ол бізде сөз бостандығы бар екенін айтады, бірақ бұл ойына келген нәрсені айта салуға болады деген сөз емес. Судьялар сатып алынған дейді, онда дәлелдерід келтірсін. Мен дәлелдер жоқ екенін білемін. «Алтай» клубының директоры мен арбитр Қабылбекованың қарым-қатынасын ескеретін болсақ, олардың арасында келісімшарт болуы мүмкін емес. Онда халықаралық деңгейдегі арбитрлар жұмыс істейді. Ешқандай келісімшарт болуы мүмкін емес. Матчті қарап шықтық. Қазір әлем біздің чемпионатымызды қызығып қарап жатыр, барлығы арбитрлардың керемет жұмысын атап өтті», — деді Ермек Сырлыбаев.

Ол қорытындыға әсер ететін қателер байқамағанын атап өтті.

«Бізде волейболды ережелер өте қиын. Кәсіпқой волейболшылар бұл ережелерді бүге-шегесімен білмейді. Арбитрлар барлығын біледі. (…) Халықаралық деңгейдегі Ирина Кабулбекова мен Юлия Акуловаға шағымдар айтылды. Олар беделі жоғары судьялар», — деді Сырлыбаев.

Ойын 3:1 есебімен «Алтай» пайдасына аяқталды.

Осы жағдайдан соң Алеся Сафроновадан түсініктеме алынды. Федерацияның бас хатшысы оған ешқандай сұрақ жоқ екенін айтып өтті. Айта кетейік, ваолейболшы қыздың жолдасы «Жетісу» командасының бас жаттықтырушысы екен.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь