Қазақстанда 8 колледж жабылды

0
185

Қазақстанда 8 колледж жабылды. Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, колледждердің лицензияларын қайтару жұмыстары жүрді, олардың білім беру қызметі толығымен тоқтатылды, — деп хабарлайды karasayinfo.kz  желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап .

Министрліктің ресми Telegram-арнасының мәліметінше, БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті оқу орындарының білім беру қызметіне мониторинг жүргізу аясында қажет материалдық-техникалық базасы жоқ колледждерді анықтады. Олардың кейбірінде талапкерлер қабылданбаған да.

«Көкшетау заң колледжі мен Талдықорған заң колледжі оқуды аяқтап, лицензияларын өз еркімен қайтарды. Жалпы, барлық жабық колледж студенттерді басқа оқу орындарына ауыстыруды уақытылы қамтамасыз етіп, оқытушыларды жұмысқа орналастыру мәселесін шешті», — делінген хабарламада.

 

 

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь