Қазақстан мен Армения вакцина паспорттарын өзара тану туралы келісті  

0
290

Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Армения Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Анаит Аванесянмен кездесті. Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың басымдықтарын белгілеп, вакциналау паспорттарын өзара тану туралы жариялад, — деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы  ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Армения Қазақстанда вакцинация паспорты танылған 17-ші мемлекет болды.

«ҚР аумағында мына елдерде берілген азаматтардың КВИ-ға қарсы вакциналау паспорттары/сертификаттары/анықтамалары жарамды деп танылсын: Аргентина Республикасы, Венгрия, Грузия, Иран Ислам Республикасы, Иордания, Қырғыз Республикасы, Мальдив Республикасы, Моңғолия, Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Молдова Республикасы, Перу Республикасы, Сан-Марино республикасы, Сербия, Тунис Республикасы, Үндістан Республикасы, Филиппин Республикасы, Таиланд, Түркия Республикасы, Эстония Республикасы», — делінген елдің бас санитарлық дәрігерінің қаулысында.

Сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің медициналық қолдануға арналған стратегиялық маңызды дәрілік препараттармен және фармацевтикалық субстанциялармен қамтамасыз етілу деңгейін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспары талқыланды

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь