Қазақстан мектептеріне жаңа лауазым енгізілді  

0
163

Қазақстан мектептеріне педагог-ассистент лауазымы енгізілді. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі мәлім етті,  деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Еліміздің барлық өңірінде 700-ге жуық педагог-ассистент жұмысқа кірісті. БҒМ мәліметі бойынша, мұндай мамандар инклюзив білім беруде сұранысқа ие. Себебі, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға көбірек көңіл бөлу қажет.

БҒМ мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімованың айтуынша, педагог-ассистент — бұл мұғалімді алмастыру емес. Жаңа лауазым иесі балаларды сабаққа бағыттап оқу процесіне бейімделуге көмектеседі.

«Әңгіме ерекше қажеттілігі бар балалар туралы болғандықтан, педагог-ассистент өз бетінше қозғала алмайтын балаға физикалық қолдау да көрсетеді. Немесе балаға дефектологтың көмегі қажет болса оны да көрсетеді. Біз осы жұмысқа белсенді қатысатын ғылыми-өндірістік бірлестікке ризамыз», — деді Гүлмира Кәрімова.

Сондай-ақ, педагог-ассистент ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған жеке білім беру бағдарламаларын әзірлеуге қатысады. Қажет болған жағдайда оқу бағдарламалары білім алушылардың қажеттіліктеріне қарай бейімделеді.

Қазіргі уақытта министрлікте білім беру ұйымдарына педагог-ассистенттерді қосу үшін олардың жұмыс жүктемесін айқындау бойынша жұмыс жасалып жатыр.

 

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь