Аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы тағайындалды

0
99

Қарасай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жаңа басшы сайланды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Алматы облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Е.Сыдамановтың бұйрығымен Сатыбекова Айгүл Мадиярқызы Қарасай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы лауазымына 2021 жылдың 16 ақпанынан бастап тағайындалды.

Сатыбекова Айгүл Мадиярқызы 1977 жылы 3 қарашада Алматы об- лысы, Күрті ауданы, Ақши ауылында дүниеге келген.

1994 жылы Қазақ мемлекеттік медицина институтына түсіп, 2000 жылы Қазақ мемлекеттік медицина университетін бітірген. «Гигиена және эпидемиология» мамандығы бойынша біліктілік алған.

2001 жылы Қарасай аудандық санитарлық-эпидемиологиялық станциясына санитарлық дәрігер көмекшісі лауазымы бойынша еңбек етті.

2010 жылдың желтоқсан айынан бастап Қарасай аудадық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь