Аудан жастары бүлдіршіндерді қуанышқа бөледі

0
84

Қарасайлық жастар бүлдіршіндерге мерекелік қуаныш сыйлады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау мерекесі күнінде Қарасай аудандық жастар ресурстық орталығы ​аудандық Кәсіпкерлік бөлімімен және Полиция басқармасы ювеналдық​ полиция​ тобымен бірігіп, «Бақытты балалық шақ» акциясын өткізді.

Игі шараның аясында аудан жастары мерейлі мерекенің маңыздылығын дәріптеп, кішкентай қарасайлықтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Олар Қаскелеңдегі «JAǴALAÝ» балалар алаңында және тұрғын үй кешендерінің аумағында ойнап жүрген бүлдіршіндерге балмұздақ, шырын, чупа-чупс сияқты тәтті өнімдерді таратып, қуаныштарымен бөлісті. Аталмыш акцияға «RG Brands Kazakhstan», чупа-чупс «Якар», «Coppa Italia» сияқты жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері демеушілік еткенін айта кеткен жөн.

Осылайша жас қарасайлықтар бүгінгі төл мереке иелерін арнайы құттықтап, балалық шақтың тамаша сәтін сыйлауға ықпал етті.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь