Аудан еріктілері ардагермен әңгімелесті

0
914

Қан майданда жауға қасқая қарсы тұрған Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің қатары жыл өткен сайын сиреп барады. Жас  ұрпақ қазыналы қарттарға бейбіт заман үшін әрдайым  қарыздар.  Бүгінгі таңда ауданымызда бар жоғы   сегіз ардагеріміз ғана қалды. Олардың көпшілігі өздігінен қозғала алмайтын жасқа келгендер.  Кеше аудан еріктілері  Қаскелең қаласының тұрғыны  ҰОС ардагері Василий Безруковтың үйіне барды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі. 

Биылғы  Мемлекет басшысының жариялауымен бастау алған Волонтерлер жылы жақсы істердің қатары артуына мүмкіндік сыйлағандай.  Аудандық Жастар ресурстық орталығымен бірлесе жұмыс атқаратын волонтерлер де   әрдайым  қарттардың хал-жаңдайын  сұрап, көңіл бөлуді әсте естен шығарған емес.  Олардың саны  уақыт санап артпаса, азайған жоқ.  Бұл жолы  еріктілердің  қатарында  аудандық  «Заман жаршысы» газетінің тілшілері бар.

Еріктілерді ыстық ықыласпен күтіп алған  Василий Иванович  ҰОС ардагерлерін ұмытпай келіп тұратын жастарға алғысын білдіріп, олармен емен-жарқын әңгіме айтты.  Сонымен қатар, қарияға ізгі ниетті білдіру үшін азық-түлік себеті табыс етілді.   Бір сәт болсын жүзіне күлкі, жүрегіне қуаныш сыйлаған кездесу екі жаққа да ерекше әсер қалдырды. Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне қанша алғыс айтылса да, көп болмасы анық. Әрқашанда олардың ерліктері, батырлықтары, неміс фашистерімен бетпе-бет келіп тайсалмай шайқас күндерді бастан өткізіп, бізге бейбіт өмірді сүруді сыйлаған жандардың игілікті істері жастарға үлгі болып қала бермек.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь