Аудан басшысы «Абай» төсбелгісімен марапатталды

0
354

Кеше Халықаралық «Абай» атындағы мәдениет пен өнерді қолдау қорының атқарушы директоры Аслан Ғафуров ауданымызға арнайы келіп, Ұлы ақынның ғана емес, жалпы мәдениеттің өркендеуіне үлес қосып жүрген аудан әкімі Жандарбек Далабаевқа «Абай» мерейтойлық төсбелгісін табыстады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Өздеріңіз білетіндей, өткен жылы қазақтың ғана емес, бүкіл әлемнің ортақ мақтанышына айналған халқымыздың данышпан перзенті, ақын, философ, ғұлама Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толды. Осы ретте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлы ақынның мерейтойына орай оның өмір жолы мен шығармашылықтарын қазақ жұртына, әсіресе, жастарға насихаттау үшін көптеген іс-шаралар өткізілсін, деген Жарлық шығарған болатын. Президенттің тапсырмасын орындау мақсатында арнайы комиссия құрылып, еліміздің түкпір-түкпірінде ауқымды іс-шаралар өткізілді.

Хәкім Абайдың мерейтойын лайықты атап өту мақсатында әртүрлі шаралар ұйымдастырудан біздің Қарасай ауданы да тыс қалған жоқ. Жоспарға сай ауданымызда Абай оқулары, «Абайды оқы – таңырқа!» атты дөңгелек үстелдер мен шығармашылық кештер сияқты көптеген шаралар өткізілді. Тіпті, елімізде пандемияның салдарынан орын алған карантинге байланысты барлық дерлік іс-шаралар онлайн режімде өтіп, ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл-мұраларын насихаттау жұмыстары кеңінен жүргізілді.

Осыған орай кеше Халықаралық «Абай» атындағы мәдениет пен өнерді қолдау қорының атқарушы директоры Аслан Ғафуров ауданымызға келіп, аудан басшысы Жандарбек Далабаевты еліміздің Мәдениет және спорт министрлігінің ұсынысымен, ұлттық руханиятқа сіңірген айрықша еңбегі үшін арнайы «Абай» мерейтойлық төсбелгісін кеудесіне тақты.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь