Атқарылған жұмыстар талқыланылды

0
181

Кеше аудандық полиция басқармасының акт залында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, онда аудандық пробация қызметі мен Жергілікті полиция қызметінің соңғы 10 ай ішінде бірлесіп атқарған жұмыс нәтижелері сараланды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Аудандық полиция басқармасының Жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция подполковнигі Г. Каримов, пробация қызметінің бастығы, әділет майоры Н. Мухаммедиев және пробация мен жергілікті полиция қызметінің жеке құрамы қатысқан жиын барысында атқарылған жұмыстар сараланылды.

Нақтырақ айтқанда, басқосуда аталмыш органдардың есепте тұрған сотталғандардың болашақта сол қайта қылмыс жасауына жол бермеу мақсатында соңғы 10 айда бірлесе өткізген шаралары баяндалып, кеңінен талқыланылды. Мұнан бөлек басқосуда ҚР «Пробация» туралы Заңы және ҚР ІІМ 2014 жылдың тамыз айында шыққан бұйрығы жеке құраммен талқыланып, пробация қызметі мен жергілікті полиция қызметі бірлесіп, жұмысты жетілдіру мақсатында алдағы уақытта да атқарылатын іс-шаралар жоспары құрылды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь