Атқарылған істер мен алдағы міндеттер айтылды

0
225

Бүгін аудан әкімдігінде Қарасай аудандық Қоғамдық кеңесінің отырысы өткізіліп, оны кеңес төрағасы Сағат Мәсімақынов ашты, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Белгіленген күн тәртібі бойынша алдымен аудан әкімі Жандарбек Далабаев «Қарасай ауданының 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және 2021 жылғы міндеттері туралы» баяндама жасады.

Бұл мәселе бойынша Қоғамдық кеңес мүшелері Едіген Жүнісбеков, Несіпбала Әбділдаева, Сағат Мәсімақынов сөйлеп, ортақ іс орайындағы өз ой-пікірлерін білдірді.

Жандарбек Ермекұлы, сонымен қатар, кеңес мүшелерінің аудандағы атқарылған ауқымды істер мен алдағы кезге арналған мақсаттар жайында қойған бірқатар сұрақтарына жауап қайтарды.

Кеңес мүшелері тарапынан аудан басшысының өткен жылғы жұмысына «қанағаттанарлық» деген баға берілді.

Мұнан кейін күн тәртібіндегі екінші – «Қарасай ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу және Қоғамдық кеңес жанындағы комиссияларды, олардың төрағалары мен мүшелерін бекіту» туралы мәселе қаралып, тиісті шешім қабылданды.

Кеңес жұмысын оның төрағасы Сағат Ұлтарақұлы қорытындылап, өздерінің алда да аудан басшылығымен бірге ел мүддесі жолында еңбек ететіндіктерін атап айтты.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь