Қару-жарақ ұрлап қашқан әскери қызметшінің төртінші сыбайласы ұсталды

0
697

Түркістан облысының әскери бөлімінен қару-жарақтарды ұрлап қашқан әскери қызметшінің төртінші сыбайласы ұсталды. Сондай-ақ ұрланған қару толық көлемде табылды, деп хабарлайды  Karasayinfo.kz желілік басылымы «Ұлт ақпарат» сайтына сілтеме жасап.

Ер адам полициядан танысының үйінде жасырынып жүрген. Одан әскери бөлімнен ұрланған екі «Макаров» тапаншасы мен травматикалық тапанша тәркіленді.

Бұған дейін ведомствоаралық топ қызметкерлері әскери қызметшіден атыс қаруын сатып алған оның үш досын ұстаған болатын. Қылмыс жасағаннан кейін барлық күдіктілер бөлініп, полициядан жасырынып жүрген. Сондықтан ұстау бірнеше аймақта: Алматы, Шымкент және Түркістан облыстарында жүргізілді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қылмысқа қатысы бар барлық адамдарды анықтап, ұстау ғана емес, сондай-ақ олар ұрланған барлық қаруды тәркілеуге мүмкіндік туды. Бұл  29 «Калашников» автоматы және 28 «Макаров» тапаншасы, травматикалық тапанша және 2 дана пышақ. ҚР ІІМ Тергеу департаментінің әскери-тергеу басқармасы сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда.

Естеріңізге сала кетсек, 20 ақпан күні Түркістан облысында Әуе қорғанысы күштерінің әскери бөлімшесінде келісімшарт бойынша қызмет етіп жүрген кіші сержант А.Балғынбай кезекшілікті өз бетімен тастап шығып, біраз қару-жарақты ұрлап кеткен болатын. Сол күні ІІМ және ҰҚК қызметкерлерінің арнайы жедел тобы әскери қызметшіні қолға түсірді. Кейін, 24 ақпанда А.Балғынбайдың екі сыбайласы, 26 ақпанда тағы бір сыбайласы ұсталды. Қылмыстық істер қозғалды.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь