Қарасайлық үздік отбасылар марапатталды

0
868

Таяуда 2013 жылдан бері дәстүрлі түрде елімізде өтетін «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының ауданымыздағы алғашқы кезеңі аяқталып, үздік отбасылар анықталған болатын. Осы ретте бүгін аталмыш конкурстың қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған отбасыларды аудан әкімінің орынбасары Күлжан Дүйсенова марапаттады, – деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Жарасымды жанұя мен ізгілікті қасиеттерге толы әулеттердің өмірін көпке үлгі ретінде көрсету мақсатында ұйымдастырылған сайыс бүгінде өрісін кеңге жайып, оған қатысушы отбасылар саны артып келеді. Биыл міне, аталмыш байқауға ауданымыздан 11 қарасайлық әулеттің мүшелері бақ сынасты.

Биылғы байқау еліміздегі карантинге байланысты онлайн форматта өткен болса да, жылдағы ережеге сай оған қатысу үшін ең алдымен әрбір шаңырақтағы отбасы мүшелерінің қоғамға , елімізге сіңірген еңбегімен қатар, ұл-қызына берген тәлім тәрбиесі, оларды Қазақстанның ұлағатты ұл-қызы етіп тәрбиелеу жолындағы тәлім тәрбиелері де ескерілді. Сайыстың осы қатал сынынан аудандық кезеңге қатысқан отбасылар арасынан екі әулет ауданымызда үздік атанды. Нақтырақ айтқанда, әділ-қазы алқаларының шешімі бойынша қаскелеңдік Жұмабековтар мен шамалғандық Есжановтар отбасылары жүлделі орынға ие болып, облыстық кезеңге жолдама алды.

Бүгін аудандық Мәдениет үйінде жүлдеге ие болған отбасыларды марапаттау рәсімі өтті. Оның барысында аудан әкімінің орынбасары Күлжан Әділханқызы жеңімпаздарды құттықтап келесі кезеңде сәттілік тіледі. Сонымен қатар, оларды І-ші дәрежелі дипломмен марапаттап, арнайы сыйлықтарды табыс етті.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь