Қарасайлық мемлекеттік қызметшілер жүлделі оралды

0
1306

Қарасай ауданының мемлекеттік қызметшілері облыстық байқауға қатысып, үздік үштіктен көрінді, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Өткен аптада Талдықорған қаласындағы «Жастарға қызмет көрсету орталығында», ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті облыстық Жастар саясаты мәселелері басқармасымен бірлесе отырып, Тәуелсіздіктің 30 жылдығы және Мемлекеттік қызметшілер күніне орай «Office olympics» атты кеңсе олимпиадасын ұйымдастырған болатын. Жас мамандар бақ сынаған бұл додаға Қарасай ауданының атынан «Біліктілер» командасы да қатысты.

Шараның басты мақсаты – облысымыздың мемлекеттік қызметкерлері арасында бір-бірімен достық қарым-қатынасты нығайтуға, ой ұшқырлығы мен ұжымдық әрекет ету дағдысын қалыптастыруға, ізденімпаздық пен жылдамдық қабілеттерін дамыту.

Жалпы жарысқа облыстық басқармалар мен аудан, қала әкімдіктері қатысып өзара сынға түсті. Жарыс барысы мемлекеттік қызметкерлер тамаша ойын көрсетіп, командалық бірлік пен жылдамдық қабілеттерін қарсыластар алдында дәлелдей білді. Оларға жылдамдық пен ұшқырлық, дауыс мәнері және тіл тазалығы, сөйлеу мәдениеті мен киім үлгісін сақтауы сияқты олимпиада талаптары қойылды.

Жарыс нәтижесі бойынша І орынға Ұйғыр ауданының «Әділет» командасы ие болса, ІІ орын Көксу ауданының «Көксу қырандарына» бұйырды. Ал, үздік үштіктен қарасайлық «Біліктілер» командасы көрінді. Оның құрамында Қарасай ауданы әкімдігі аппаратының бас мамандары Нұрсұлтан Жолдасбеков пен Айжан Ізбасар және аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің бас маманы Олжас Молдатаев болды. Өз ісін жетік білетін аталған мемлекеттік қызметшілер сайыс барысында қабілеттерін танытып, жақсы ойын өрнегін көрсете білді.

Жоғарыда аталған барлық жүлдегер командалар қаржылай сыйлыққа ие болды. Басқа аудандарға Департаменттің және Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының атынан алғыс хаттар табысталды.

Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік қызметшілер арасында өткен бұл олимпиада Алматы облысы бойынша жоғары деңгейде алғашқы рет өткізілуде.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь